Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
3-қосымша
Осы редакция 2019 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды
анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.25.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген «Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел іздестіру іс- шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау