«Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 47 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 тамыздағы № 4 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19215 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақыланбайтын экономиканы бағалау әдістемесінде:
оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
2019 жылғы 7 тамыздағы
№ 4 бұйрығымен бекітілді»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) халықаралық стандарттарға сәйкес бақыланбайтын экономиканы бағалауда және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін қолданады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бақыланбайтын экономиканы бағалау үшін Бюроның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері, сонымен бірге бақыланбайтын экономиканы тура немесе жанама бағалауға мүмкіндік беретін және анық есептеулерге негіз болатын әкімшілік деректер пайдаланылады.»;
13-тармақтың 4-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: