«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 20 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24253 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларда:
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 5 | B02BD02 | А гемофилияның ингибиторлық нысаны бар балалар жасындағы пациенттер үшін VIII плазмалық қанның ұю факторы *** | Жарамдылықтың барлық мерзімі ішінде 25˚С дейін температура кезінде сақтау мүмкіндігі бар, екі еселік вирустық инактивациядан өткен оның ішінде, құрамында альбумин, сахароза және полиэтиленгликоль жоқ, сольвент-детергент әдісімен оның ішінде иммундық толеранттылықты индукциялау әдісімен енгізу үшін ерітіндісімен және жинағымен жиынтықта, соның ішінде гемофилияның ингибиторлық нысанын емдеуге арналған құтыдағы венаішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат | ХБ | 101,47 |