«Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № 29-3 шешімі
Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5136 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік көмек жылына бір рет өтініштері бойынша:
1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 20 (жиырма еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіш шегіне дейін, арнайы комиссия қорытындысы негізінде.