Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 шiлдедегi № 480, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 102, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 шiлдедегi № 435, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 11-36, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 шiлдедегi № 148, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 25 шiлдедегi № 318 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 60 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналардың:
1) «Халықаралық іздестіруді жариялау, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жіберуі, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 260, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 08-1/7, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы № 85, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 29, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 93, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 2, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 168 және Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігі төрағасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 74 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2341 болып тіркелген);