«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 24 тамыздағы № 332 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы - тиісті облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы ереже.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
Комитеттің жүргізуіндегі аумақтық органдардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық органдардың тізбесі»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті;»;
мынадай редакциядағы 17-тармақпен толықтырылсын: