«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 19 ақпандағы № 66 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 11 бірлескен бұйрығы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейіне адамның өмірі мен денсаулығына, жеке тұлғалардың заңды мүдделеріне қауіп төндіру мүмкіндігі жоғары мынадай:
тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу;
электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау;
өңдеу өнеркәсібі;
құрылыс;
тасымалдау және сақтау;
сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау;
ақпарат және байланыс;