«Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 163 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8075 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген мәслихат шешімімен бекітілген Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларында:
2-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жайылымдар - ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;».
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар - елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;».
4-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.