Осы редакция 2019 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.25.12. № 650 бұйрығымен 16-қосымшамен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.13.12. № 684 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 198 бұйрығына 14-қосымша
«Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.22.04. № 159 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.22.04. № 159 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде -10 (он) жұмыс күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут.