«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 4 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мыналар:
Тізбенің 63-жолы 2022 жылғы 22 қазаннан бастап қолданылады;
Тізбенің 110-жолы 2022 жылғы 2 сәуірден бастап қолданылады деп белгіленсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 1-1. | КLT жәшіктері*** | 3923 10 000 0-ден |
»;
реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 12, 15, 16 және 56-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 9-1. | Тұрмыстық техниканы жинайтын конвейерлік желіге арналған стеллаждар; антистатикалық стеллаж; қойма паллет стеллаждар; сөрелік стеллаждар; динамикалық паллет сөре стеллаждар; консольдық стеллаждар; қорғаныс қоршауы*** | 7308 90 980 9-ден |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1 және 11-2-жолдармен толықтырылсын:
«
| 11-1. | Бекіткіштерді бақыланатын қатайту үшін бағыттаушы циферблаты бар индикатор типтес динамометрикалық кілт *** | 8204 11 000 0-ден |