«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 634 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асыру, сондай-ақ елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың тұрмыс сапасын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдинг пен ұлттық компаниялар өз қызметінде осы Жарлықты басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 185 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму
ЖОСПАРЫ
Мазмұны
1. Ағымдағы ахуалдың пайымы, оны талдау және бағалау