Введите номер документа
Прайс-лист

«Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 316 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 26 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 9 июня 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 26 мая 2025

«Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 316 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 179 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аукцион - тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып электрондық нысанда өткізілетін жабық сауда-саттық нысаны, бұл ретте лицензияларға өтініштерді қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган айқындаған қатысушылар өз ұсыныстарын жария түрде растайды;

2) аукцион адымы - қол қою бонусының мөлшері ұлғайтылатын шама;

3) аукцион залы - аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;

4) аукцион қорытындыларының тізілімі - аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін және қол қойылатын бонустардың мөлшерлерін көрсете отырып, әрбір аукцион бойынша блогын (тарын) көрсете отырып, аукцион қорытындылары бойынша тізілімнің веб-порталы автоматты түрде қалыптастыратын мәліметтер;

5) аукциондық нөмір - электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде қатысушыға аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;

6) аукцион объектісі (бұдан әрі - объект) - блокты (блоктарды) лицензияға басым тәртіппен енгізу құқығы;

7) бағдарлама - құзыретті орган бекітетін мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами