Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 256 Қаулысы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 79 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3023 болып тіркелген, 2016 жылдың 18 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған):
1-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармағындағы «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» деген сөздер «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
регламенттің 2-қосымшасының оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын: