Осы редакция 2016 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 277 қаулысымен бекітілген
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі
жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызмет облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11766 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: