«Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 141-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 22 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Техникалық реттеу, метрология саласындағы және Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;
бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:»;
бірлескен бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бекітілсін: