ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2017.13.01. № 33 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
7-қосымша
«Пайдалы модельге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.20.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы модельге патент беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - станарт) негізінде көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген).
2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
ҚР Әділет министрінің 2018.20.02. № 238 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Пайдалы модельге патент беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарттың 4-тармағында көзделген.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Көрсетілетін қызметті алушының: