Осы редакция 2016 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ А-7/298 қаулысымен
бекітілді
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелері
1. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО), «электронды үкімет» www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешімі мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің
(қызметшілерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау