Әкімдіктің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 185 Қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 522 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6063 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады - 30 (отыз) минут.
Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - құжаттар топтамасын қабылдау және тіркеу.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда өтінішті қабылдаудан бас тартады - 30 (отыз) минут;