Мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 ақпандағы № 336 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 44843876,5 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсімдер бойынша - 22162177,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 102354,0 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 4414240,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 18165105,5 мың теңге;
2) шығындар - 53317315,1 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0,0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 8473438,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 8473438,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4, 5-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2019 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық және облыстық бюджеттерден нысаналы ағымдағы трансферттер түсімінің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 44682,0 мың теңге сомасында;
оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге 21100,0 мың теңге сомасында;
мектептердің педагог-психологтарының лауазымдық айлықақыларының мөлшерін ұлғайтуға 4836,0 мың теңге сомасында;