Алматы облысы әкімдігінің 2019.28.01. № 42 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің 2016.18.01. № 21 Қаулысымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Алматы облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 321 қаулысымен
бекітілген
«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.18.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандық және облыстық маңызы бар қалалық жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін
қызметті берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылатын:
1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін нысанда);
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде -күнтізбелік 15(онбес)күн;