Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 13 тамыздағы
№ 345 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2020 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде
орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі
әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдастырылған басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған.
2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:
1) Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етіледі. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады.
2) 5-тен 180 адамға дейін контингенті бар шалғайдағы ауыл мектептерінде, санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда балалар саны 15 адамға дейін штаттық режимде оқыту жүзеге асырылады.
3) Халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектептердің аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген форматқа бірінші болып 1-4 сынып оқушылары санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып көшеді. Мектепалды, 5-11 сыныптар қашықтан оқытуды жалғастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай одан әрі тұрақты жақсарған жағдайда мектепалды, 5-11 сынып білім алушылары қатаң санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимге көшеді.