«Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № А-6/248 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № А-11/494 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № А-4/170 Қаулысымен күші жойылды
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № А-6/248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5993 болып тіркелген, 2017 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында:
субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың шекті нормалары келесі мазмұндағы реттік нөмерлері 179-187-жолдармен толықтырылсын:
«