«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № А-3/113 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4320 болып тіркелді, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылдың 28 тамызында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114 Б.»;
15-тармағының 20) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: