Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 164/19 шешімі
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті туралы» 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 104/11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191126 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 239 995 489 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 215 489 994 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 433 701 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 462 905 мың теңге;
трансферттер түсімі - 14 608 889 мың теңге;
2) шығындар - 247 482 943 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 550 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 14 800 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 250 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 381 559 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 381 559 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 880 563 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 880 563 мың теңге.»;
5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2024 жылға арналған Павлодар қалалық бюджетінде қала кентінің, ауылдық округінің және кейбір ауылдарының бюджеттеріне Павлодар қалалық бюджетінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерде көзделгені ескерілсін:
Атамекен кентінің, Павлодар, Мойылды және Жетекші ауылдарының автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге - 283 610 мың теңге:
Мойылды, Жетекші және Павлодар ауылдарының, Атамекен кентінің және Кенжекөл ауылдық округінің елді мекендерін абаттандыруға және көгалдандыруға - 355 531 мың теңге;