Осы редакция 2016 жылғы 14 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 1/105 қаулысымен
бекітілген
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі-Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау