Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 37/01 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 27/01 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 44/03 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 24 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13161 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 37/01 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3361 болып тіркелген) қаулысына, («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 20 тамыздағы, 2015 жылғы 20 тамыздағы № 131 (22016) «Орталық Қазақстан», 2015 жылғы 20 тамыздағы № 117-118 (21868-21869) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).»;
4 тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын: