«Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылгы 22 наурыздағы № 190 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 144 Өкімі
«Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 190 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау қағидаларында:
4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды, Қазақстан Республикасының ұлттық жобаларын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысын жариялап-көрсетуге;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қоғамдық комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Президенттің Баспасөз хатшысы басқарады.
Қоғамдық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Президенттің Баспасөз хатшысы жыл сайын бекітеді. Қоғамдық комиссияның құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердің қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.»;