«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 855 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 545 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 855 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларында:
1-тараудың 12-параграфының жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін, резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери оқу орнының 3 және келесі курс курсанттары, әскери қызметші әйелдер, әскери оқу орнының тәрбиеленушілері үшін».
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: