Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 214 «Темір ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 14 шешімі
Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Темір аудандық мәслихатының «Темір ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 214 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-191 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;