ҚР Ішкі істер министрінің 2019.26.04. № 346 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 320 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның
аумақтық бөлімшелерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.26.04. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөлімшелері, оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.