«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 453 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 маусымдағы № 199 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 19, 105-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«Магистратураға қабылдау
| Атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
| Ғылыми және педагогикалық магистратура | Бейінді магистратура | Ғылыми және педагогикалық магистратура | Бейінді магистратура |
| 2018 жылғы 4 айға | 2019 жылғы 8 айға | 2018 жылғы 4 айға | 2019 жылғы 8 айға |
| Ұлттық ЖОО, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті | 4800 | 200 | 215,4 | 430,9 | 215,4 | 430,9 |
| Басқа ЖОО | 7204 | 300 | 132,0 | 264,0 | 132,0 | 264,0 |