Введите номер документа
Прайс-лист

«Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2022 жылғы 10 ақпандағы № 8 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 10 февраля 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 10 февраля 2022
Дата последнего изменениячетверг, 10 февраля 2022

Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2022 жылғы 10 ақпандағы № 8 Қаулысы

 

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 5-тармағына және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығының 12- тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін.

2. Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарының басшылары «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.

3. «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 қаулысының 1 және 2-тармқтарының күші жойылды деп саналсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

міндетін атқарушы

 

 

 

А. Есмағамбетова

 

Согласовано

10.02.2022 10:00 Рахимжанова Марал Тлеулесовна

10.02.2022 10:01 Тилесова Айгуль Шарапатовна

10.02.2022 10:14 Ахметова Зауре Далеловна

Подписано

10.02.2022 10:24 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами