Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Шарттық соттылық мағынасы және мәні

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Шарттық соттылық мағынасы және мәні

Документ входит в комплект(ы):

СтройМастер, Юрист-VIP

17.11.2022

Шарттық соттылық мағынасы және мәні

 

 Күнделікті өмірмізде көптеген адамдар «Заман өзгерді, адам өзгерді» деп айтып жататынын жиі еститініміз бәрімізге белгілі. Сол заман мен адам өмірімен тығыз байланысты Заңдарда өзгереді.

 2022 жылдың 1-тамызында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 32- бабы «Шарттық соттылық» қолданысқа енгізілді. Бұл бапқа сәйкес, тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, сондай –ақ эксаумақтық соттылықты таңдай алады.

Алайда, Азаматтық процестік кодекстің 31-бабында белгіленген, атап айтқанда:

1. Жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы, кепілге салынған жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды қолдану, жылжымайтын мүлік кепілінің шартын тоқтату не жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі.

 Егер жылжымайтын мүлік объектілері әртүрлі елді мекендерде орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

 Егер жылжымайтын мүлік объектілері бір елді мекеннің аумағында орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

 2. Мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерге, өсиетті орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) талап қоюлары баптың бірінші бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың қарауына жатады.

 3. Мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану, мұраны иесіз деп тану, мұраны қабылдау, мұрадан бас тарту үшін мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы талап қоюлар мұраның ашылған жері бойынша беріледі.

 4. Жүктерді, жолаушыларды немесе багажды тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға талап қоюлар тасымалдаушының (көлік ұйымының, жеке кәсіпкердің) орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

 5. Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетін және оның меншігін шет мемлекеттің бұзуынан келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша соттылықты тараптардың келісімімен өзгертуге болмайды.

 Енді, шарттық соттылық дегеніміз не?

 Азаматтық істі сот талқылауына дайындау барасында сотқа жүгінуші тарап пен жауапкердің келісімімен істі қарау аумағын өзгертуге болады.

 Аумақтық соттылықты қалай өзгерте алады?

 Қазіргі таңда сот жүйесінде кеңсеге түскен істерді бөлу автоматты түрде жүзеге асатыны бәрімізге белгілі. Бұл өз тарапынан кеңсенің жұмысын ғана жеңілдетіп қоймай, сыбайлас жемқорлыққа да жол бермейді.

 Аумақтық соттылықты ауыстыру кезінде, судья істі сот талқылауына дайындау сатысында тараптарға «Шарттық соттылық» бабын түсіндіре отырып, ол бойынша пікірлерін сұрайды. Мысалы: Қарағанды облысы, Теміртау қалалық сотының өндірісінде бұл санаттағы істердің көптігіне байланысты берілген талап қоюды қарастыруға көп уақыт керектігін түсіндіріп, басқа сотқа жолдауға болатындығы жөнінде атап айтылады. Алайда, эксаумақтық соттылықты жүзеге асыру үшін, екі жақ тараптың да келісімі міндетті түрде қажет. Егер де тараптардың бірі қарсы болатын жағдайда, істің аумақтық соттылығын өзгерту мүмкін емес.

 Егер тараптар келіскен жағдайда, іс осы санаттағы істерді қарайтын, жүктемесі аз соттарды таңдай отырып, істі автоматты түрде бөлуге жібереді.

 Шарттылық соттылық бабы жаңадан қолданысқа енгізіліп отырғандықтан, оның жүзеге асырылуы бойынша туындайтын сұрақтар да бар екендігі белгілі.

 Мәселен, аталған бапта шарттық соттылықты таңдаған талап қоюшы талапты бірінші қай сотқа беру керектігі көрсетілмеген. Азаматтық процестік кодекске сай, бірінші жауапкердің тұрғылықты мекен – жайы бойынша беріліп, содан кейін қайта бөлінеді ма? Әлде бірден өзі таңдауға болады ма? Істі қарастыру шартта белгіленген болса қалай жүзеге асырылады? Талап қоюмен сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж қайда төленеді? Аталарымыз айтқандай «Көш жүре түзеледі» демекші, қазіргі таңда бұл сұрақтардың барлығына өз кезегімен жауаптары табылуда.

Бұл баптың қолданысқа енгізілуі қоғамда екі түрлі ой қалыптастырып отыр, бір тарап бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алады, тараптар қандай сотқа түсетінін білмегендіктен, таңдау мүмкіндіктері болмайды, іс қысқа мерзімде қарастырылып, уақыт үнемделеді деп айтса. Енді, бір тарап бұл істің қарастырылуына географиялық фактор әсер етіп, істің дұрыс шешілмеуі мүмкін деп көрсетуде. Мысалы, істің қарастырылу аумақтық соттылығы өзгертілсе, басқа түскен аумақтық өзінің географиялық негізіне сәйкес, бұл санаттағы істерді мүлдем қарастырмаған болса, істің шешілуі созбалаңға салынуы ғажап емес.

Қорыты келе, атап өтетін жағдай, сот жүйесі өз тарапынан азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін барлық мүмкіндіктерді тиімді қолдануда. Сондықтан да, шарттық соттылықты қолданысқа енгізе отырып, соттардың жүктемесіне қарамастан, екі тараптың келісімі қажет деп көрсетті. Сол саласындағы әрбір қызметкердің басты мақсаты «Азаматтардың сот жүйесіне артқан Сенімін ақтау!».

 

 Теміртау қалалық сотының

 судьясы Ондасынова Гүлнұр

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!