Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 517 «Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VI сессиясының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 51 шешiмi
ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 517 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1673 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 842 978 317 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 649 623 060 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6 557 112 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 43 767 502 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 143 030 643 мың теңге;
2) шығындар - 918 448 446,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 20 471 746 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 36 555 008 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 36 923 977 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -132 496 883,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 132 496 883,4 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 8 175 579 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. Қорғаныс шығындары 6 732 254 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
8-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 19 875 070 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
9-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«9. Білім беру шығындары 237 017 574,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
10-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«10. Денсаулық сақтау шығындары 50 887 155 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
11-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: