Осы редакция 2017 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015.31.12. № 332 Қаулысымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2015.31.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 619 »Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12366 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт не стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - стандарттың 1 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама не стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.