Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 «Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 наурыздағы № 24/258 шешімі
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/18 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 10-15-296 ұсынысының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. «Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/58 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3190 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
келесідей мазмұндағы 14-2 тармақпен толықтырылсын: