«Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 17 қарашадағы № 462 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрестілген бұйрықпен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және/немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш береді.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет негізгі талаптарының тізбесінде берілген.»;
мынадай мазмұнда 7-1-тармақпен толықтырылсын: