Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
1-қосымша
«Құжаттардың сот сараптамасы»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Құжаттардың сот сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді, ол әзірленді, ол құжаттардың сот сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін;
4) жазу мен қолтаңба сот-сараптамасының мәні - қолжазбалық құжаттарды, жазбалар мен қолтаңбаларды зерттеу кезінде арнайы ғылыми білімдердің көмегімен белгілі бір фактілерді, жағдайларды анықтау;
5) жазу мен қолтаңба сот-сараптамасының объектілері - қолжазба мәтіндері немесе олардың бөліктері, жазбалар (әріптік немесе сандық) және құжаттардың түпнұсқасындағы жазуды әдейі өзгертумен байланысты немесе байланысты емес, жазып отырған адамға үйреншікті немесе үйреншікті емес жағдайда орындалған қолтаңба;
6) сот-техникалық зерттеудің мәні - хат материалдарының ерекшеліктеріндегі және құжаттар деректемелерінің белгілеріндегі, оларды дайындау жағдаяттары, олардағы өзгертулерді енгізу тәсілдері туралы, сондай-ақ құжаттарды дайындау немесе оларға өзгертулер енгізу үшін пайдаланылған заттар мен материалдар туралы нақты мәліметтерді анықтау;