Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 211 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 қарашадағы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 72 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2017 жылғы 10, 11 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта:
1) тармақшада:
кірістер -
«144 585 419,2» деген сандар «151 680 937,8» деген сандармен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша -
«35 729 122» деген сандар «36 090 122» деген сандармен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер бойынша -
«4 432 814» деген сандар «4 074 226,6» деген сандармен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері бойынша
«104 423 483,2» деген сандар «111 516 589,2» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
шығындар -
«143 729 741,5» деген сандар «151 688 411,1» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
таза бюджеттік кредит беру -
«20 021 755» деген сандар «18 902 442» деген сандармен ауыстырылсын, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер -
«20 977 903» деген сандар «20 100 299» деген сандармен ауыстырылсын;
бюджеттік кредиттерді өтеу -
«956 148» деген сандар «1 197 857» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо -
«0» деген сандар «520 049» деген сандармен ауыстырылсын, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу -
«0» деген сандар «520 049» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
бюджет тапшылығы -
«-19 166 077,3» деген сандар «-19 429 964,3» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшада
бюджет тапшылығын қаржыландыру -