Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 8 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 142 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559-15 болып тіркелген) көрсетілген шешімге қосымшада мынадай өзгерістер енгізілсін:
№ 98, № 100, № 114, № 115 сайлау учаскелері жаңа редакцияда мазмұндалсын:
№ 98 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Власовка ауылы, Садовая көшесі, № 15 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Власовка ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
шекаралары: Власовка ауылы, Сенное ауылы, Безлесное ауылы.
№ 100 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Шағалалы ауылы, Вадим Буторин көшесі, № 2 үй, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық мәдениет үйінің ғимараты;
шекаралары: Шағалалы ауылы, Южное ауылы.
№ 114 сайлау учаскесі:
Орналасқан жері: Смирново ауылы, Северная көшесі, № 103 үй, «Солтүстік Қазақстан Бөліп Тартаушы Электр Желілік Компаниясы» акционерлік қоғамының ғимараты (келісім бойынша);