Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 207 «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерiн бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 126 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 207 «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3268 болып тіркелген, 2015 жылы 11 тамызда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiнде:
мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу («Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: