Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 159 бұйрығына
1-қосымша
Осы редакция 2025 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
(2024.15.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ереже
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.18.11. № 329 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021.19.10. № 312 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024.28.06. № 275-НҚ бұйрығымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) архивтік анықтама - ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;