Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер» енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 тамыздағы № С-5/2 шешімі
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 60 670 176,8 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 44 284 371,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 214 826,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 753 257,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 14 417 722,8 мың теңге;
2) шығындар - 63 473 775,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 144 655,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 72 450,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 217 105,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 2 658 944,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 658 944,0 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:
1) 135 682,0 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:
әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 12 181,2 мың теңге сомасында;
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға 35 211,1 мың теңге сомасында;
елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 10 350,0 мың теңге сомасында;
абаттандыру мен көгалдандыруға 1 577,8 мың теңге сомасында;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 76 361,9 мың теңге сомасында;
2) 30 033,7 мың теңге сомасында трансферттер, Станционный кентіне соның ішінде:
әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 7 284,5 мың теңге сомасында;
елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 8 971,2 мың теңге сомасында;