Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы
(2022.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Әліппе» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Ана тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде);
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Букварь» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Обучение грамоте» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде);
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Елипбә» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Обучение грамоте» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту ұйғыр тілінде);
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Алифбе» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Обучение грамоте» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде);