Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 160/23-VII шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 87/10-VIII шешімімен күші жойылды
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1298 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларында:
4 -тармақ мынадай мазмұндағы 34 - тармақшамен толықтырылсын:
«34) ағаштарды заңсыз кесу - уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;»;
11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
1) жасыл екпелерді отырғызу;
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару, жазғы маусымда аптада екі рет суарылады;
5) ұшарбасты қалыптастыру;
6) жасарту;
7) тыңайтқыштар салу;
8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
9) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру.»;
мынадай мазмұндағы 15 - 1-тармақпен толықтырылсын: