Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-150/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 7 қазандағы № 136 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-150/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21520 тіркелді) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттарында:
1-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 155-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және анатомиялық сыйды жасау және денсаулық сақтау ұйымдарына берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды:»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: