Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Жаза деген не?

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Жаза деген не?

Документ входит в комплект(ы):

СтройМастер, Юрист-VIP

06.03.2023

Жаза деген не?

 

Жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

 Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:

 1) айыппұл;

 2) түзеу жұмыстары;

 3) қоғамдық жұмыстарға тарту;

 4) қамаққа алу;

 5) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.

 Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:

 1) айыппұл;

 2) түзеу жұмыстары;

 2-1) қоғамдық жұмыстарға тарту;

 3) бас бостандығын шектеу;

 4) бас бостандығынан айыру қолданылуы мүмкін.

 Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:

 1) мүлкін тәркілеу;

 2) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;

 3) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

 3-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру;

 4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.

 

С.Қ.Мұсай, Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!