«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 710 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 414 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15669 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ж. Құрманбаевқа жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қарулы Күштерде тамақтандыруды ұйымдастыру үшін ақша қаражатын жоспарлау осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жасалған Қарулы Күштерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жоспары және Азық-түлік қызметінің техникасымен және мүлкімен қамтамасыз ету жоспары (бұдан әрі - Қамтамасыз ету жоспарлары) негізінде әскери басқару органдарының барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: