Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына және «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 7 наурыздағы № 140 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 7 марта 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 26 марта 2023
Дата последнего изменениявторник, 7 марта 2023

 «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына және «Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 7 наурыздағы № 140 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) авиация дәрігері - ұшулар қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар тұлғалардың кәсіби, сондай-ақ жүгінгенде әуежолаушылардың денсаулығын қамтамасыз ететін жоғары медициналық білімі және авиациялық медицина саласында даярлығы бар медицина маманы;

2) авиациялық медицина - авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;

3) авиациялық медициналық инспектор - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық медицина саласында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі бар және азаматтық және эксперименттік авиация саласында сертификаттауды, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген авиация инспекторы;

4) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі - АМО) - азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами