Введите номер документа
Прайс-лист

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (33-шығарылым) (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 550 бұйрығына қосымша)

Информация о документе
Датавторник, 15 октября 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 28 октября 2019
Дата последнего изменениявторник, 15 октября 2019

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2019 жылғы 15 қазандағы

 № 550 бұйрығына

қосымша

 

 

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің

 бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы

(33-шығарылым)

 

 

1-тарау. Кіріспе

 

1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (33 - шығарылым) жасанды тері жасау өндірісі бойынша жұмыстарды көздейді.

2. БТБА Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әзірленген.

3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы тараударда көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

 

 

2-тарау. Жасанды тері жасау өндірісі жұмыстарға арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Талшық пен қабықты мөлшерлеуші, 2-разряд

 

4. Жұмыс сипаттамасы:

жасанды теріден пластина жасау және термопластикалық материалдар жасау үшін берілген рецептура бойынша талшықты тарам және қабықты қолмен мөлшерлеу;

әр түрге сәйкес жасанды тері пластиналары немесе термопластикалық материалдарға талшықты тарам мен қабық ілмектерін өлшеу, талшықтарды құрылымы бойынша түр-түрге бөлу;

өлшеген кезде рецепт бойынша бір құрауышты басқамен алмастыру немесе жүктік сипаттамалар кестесіне сай ілмектерді құрауыштармен толықтыру;

төсейтін қағазды жинау, қол пресінде байламдарға қысу;

терілерді байлау және арбаларда берілген жерге жеткізу.

5. Білуге тиіс:

таразы мен қол пресінің құрылымы мен қолдану ережелерін;

қабықтар түрлерін, тарам талшықтарының ұзынынан және көлденеңнен орналасудың айырмашылықтарын.

 

 

2-параграф. Сыздық жасаушы, 2-разряд

 

 

6. Жұмыс сипаттамасы:

орналастыратын машиналарда шприцтелген әсемдеуге арналған поливинилхлоридті сыздықты орналастыру;

машинаны жөндеу, машинаға жартылай даяр өнімді беру;

машина, механизм және қосымша құрылғылар жұмысын бақылау;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами